Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Саина көшесінде жолдың жүру бөлігінде ер адамдардың төбелескен видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
Полиция қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға, эмоцияға берілмеуге және кез келген даулы жағдайды тек құқықтық аяда шешуге шақырады. Агрессия көрсету және күш қолдануға жол берілмейді және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда автобуста әйелдер арасында төбелес болып, қыз ауруханаға түскен еді.
Дереккөз: Zakon.kz