...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда рұқсатсыз қаштан ағаштарын кескен: 50 есе өтем

Медеу ауданында Жамақаев көшесінде қаштан ағаштары рұқсатсыз кесілген. Әлеуметтік желіде видео тараған соң, экология басқармасы фактіні растап, шара қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Видеода жұмысшылар кесілген ағаштарды жинап жатқаны көрінеді. Кесілген қаштандар жол бойында жатыр, қасында ғимарат құрылысы жүріп жатыр.

«Аталған мекенжай бойынша басқарма қызметкерлері шығып, көгалдандыру ағаштарының, атап айтқанда қаштан тұқымдас ағаштардың кесілген фактісін растады. Басқарма бұл мекенжай бойынша көгалдандыру ағаштарын кесуге рұқсат бермеген», — делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма бұзушылық анықталған соң, көгалдандыру ағаштарын күтіп-қорғау қағидаларына сәйкес 50 есе көлемінде өтемдік қалпына келтіру туралы кепілдік хат алған.

«Өтемдік отырғызу жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі. Сондай-ақ Медеу ауданы полициясының қызметкерлерімен бірге қосымша шығу жүзеге асырылады», — деп толықтырды ведомство.

Дереккөз: Nur.kz