...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Роза Бағланованың бейнесі салынған мурал пайда болды

Алматының Медеу ауданындағы тұрғын үйдің қасбетіне КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың суреті салынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Арт-нысан Самал-3 шағын ауданындағы 21-үйдің қасбетінде орналасқан — дәл осы үйде бір кездері аты аңыз әнші тұрған. Жаңа мурал оның шығармашылық мұрасына құрмет пен көрнекті әртіс туралы естеліктің символына айналды.

Муралды тұрғындардың өтініші бойынша салған. Алматы әкімдігі көркемдік нысанды жасау жұмыстарын ұйымдастырды.

Жобаны дайындау мен іске асыруға Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова қатысты. Ол атқарылған жұмысқа өте риза болып, жобаны жүзеге асырғаны үшін алғыс білдірді.

Енді Халық әртісінің бейнесі халық жадында және отандық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталды.

Еске салайық, КСРО Халық әртісі, көрнекті қазақ әншісі Роза Бағланова 2011 жылдың 8 ақпанында Алматыда дүниеден озды. Оған 89 жас еді.

Бұған дейін Астанада көктемгі символы бар мурал пайда болғаны хабарланған еді.

Дереккөз: Inform.kz