...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 7 автобус бағытының схемасы өзгереді: Шәріпов пен Манас көшелерінде жол жұмыстары басталады

29 мамырдан бастап Алматыда Шәріпов пен Манас көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобус бағыттарының схемасы уақытша өзгереді. Шектеулер жөндеу жұмыстары аяқталғанша күшінде болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шәріпов көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы жабылады. Жөндеу кезінде №25, №99 және №102 бағыттарының схемасы уақытша өзгереді. Солтүстік бағытта: Шәріпов көшесі — Рысқұлов даңғылы — Момышұлы көшесі — Мөңке би көшесі — Мәмбетов көшесі — Қожаханов көшесі, әрі қарай қолданыстағы схема бойынша. Кері бағытта: Қожаханов көшесі — Мәмбетов көшесі — Мөңке би көшесі — Момышұлы көшесі — Рысқұлов даңғылы — Шәріпов көшесі, әрі қарай қолданыстағы схема бойынша. Батыс бағытта: Рысқұлов даңғылы — Момышұлы көшесінің артында шығыс бағытта бұрылыс — Рысқұлов даңғылы — соңғы аялдамаға дейін (Рысқұлов даңғылы / Шәріпов көшесі). Кері бағытта: соңғы аялдамадан (Рысқұлов даңғылы / Шәріпов көшесі) бастап белгіленген схема бойынша.

Сондай-ақ 29 мамырдан бастап Манас көшесінде Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша жабылады. Осыған байланысты №12, №18, №80 автобус бағыттары мен №7 троллейбус схемасы уақытша өзгереді. Батыс бағытта: Сәтбаев көшесі — Әуезов көшесі — Тимирязев көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта өзгеріссіз. Оңтүстік бағытта: Манас көшесі — Сәтбаев көшесі — Әуезов көшесі — «Атакентте» бұрылыс — Әуезов көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта өзгеріссіз. №7 троллейбус батыс бағытта: Тимирязев даңғылы — Розыбакиев көшесі — Өтепов көшесі — Серкебаев даңғылы — Тимирязев даңғылы (шығыс бағыттағы «Атакент» соңғы аялдамасына дейін), әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.

Еске салайық, 27 мамырдан бастап Алматыда және қала маңындағы елді мекендерде жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобус бағыттарының схемасы уақытша өзгерген болатын.

Дереккөз: Inform.kz