...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматыда қыздар мектеп оқушысын ұрып, тізерлетіп қойды

Алматыда бір топ қыз өздерінің құрбысын ұрып-соғып, тізерлетіп, қорлаған. Бұл оқиғаның видеосы HALYQSTAN Telegram-арнасында жарияланды. Кадрларда қыздардың құрбысын бетінен ұрып, шашынан сүйреп, тізерлетіп, барлығын ұялы телефон камерасына түсіріп жатқаны көрінеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылардың бірі кейін бұл роликті өзі ашық қолжетімділікке шығарған. Бейнежазба беттен жойылғанымен, полиция қызметкерлері оны анықтап, зерттеп үлгерген.

Zakon.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне ресми түсініктеме алу үшін жүгінген. Ведомство кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалғанын растап, кінәлілердің жазаға тартылатынын атап өткен.

Құқық қорғаушылар тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін қосты.

Дереккөз: Zakon.kz