...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Құлжа трактісі жабылады: қашан және қай жерде

24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 2026 жыл сағат 08:00-ге дейін Бұқтарма көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде кері бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл жол төсемінің орташа жөндеуі аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты.

Жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауға шақырды.

Бұған дейін қала тұрғындарына Алматының төменгі бөлігінде жылу желілерін жөндеуге байланысты қозғалыс шектелетіні ескертілген болатын.

Дереккөз: Zakon.kz