...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда печенье ішінде есірткі жасырған ер адам ұсталды

Алматыда есірткі заттарын печенье ішіне жасырып тасымалдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктіні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ұстаған.

Жеке тінту және тұрғын үйін тексеру кезінде полицейлер өзіне тән иісі бар затты тапқан. Сонымен қатар электронды таразы, ZIP-пакеттер, изолента және пластилин тәркіленген.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полицейлер ұсталған адамның есірткі саудасының басқа эпизодтарына қатысы бар-жоғын да тексереді.

Бұған дейін біз Астанада екі шетелдіктің көлігінен есірткі салынған чемодан табылғанын жазған болатынбыз.