...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда печенье ішіне жасырылған 150 грамм есірткі табылды

Алматыда полицейлер печенье ішіне жасырып қойған шамамен 150 грамм өсімдік тектес есірткі затын тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткіні заңсыз айналымға түсірді деген күдікпен жас жігітті ұстады.

«Жеке тінту және тұрғын үйді тексеру кезінде өзіне тән иісі бар шамамен 150 грамм өсімдік тектес зат табылды. Табылған заттың ерекшелігі — жасыру тәсілі. Есірткі печенье ішіне жасырылған», — делінген хабарламада.

Алматы полиция департаментінің Instagram парақшасында электронды таразы, ZIP-қаптама, изолента және пластилин тәркіленгені атап өтілді. Бұл заттардың барлығы іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде қосылды.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жедел қызметкерлер ерекше „тәтті“ қаптаманың артында есірткі саудасының басқа эпизодтары жасырылмағанын анықтап жатыр», — деп қосты полицияда.