...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда океанариумы бар жаңа саябақ салынады: 27 гектар аумақтағы бірегей жоба

Алматыда 27 гектардан астам аумақты алып жатқан демалыс, мәдениет және ойын-сауық орталығы пайда болады. Нысан Әуезов ауданында Бауыржан Момышұлы мен Сайын көшелерінің аралығында орналасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, жоба 2026-2027 жылдары іске асырылады. Кешеннің басты ерекшелігі — серуендеуге арналған жағалаулары, демалыс аймақтары мен көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктері бар су арнасы. Су жүйесінің айналасында заманауи саябақ аймағы қалыптасып, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартымды нүктеге айналады.

Жобада отбасылық демалысқа ерекше көңіл бөлінген. Саябақтың сәулеттік доминанты — қала мен саябаққа панорамалық көрініс ашылатын бақылау алаңы бар мұнара.

Дереккөз: Zakon.kz