...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда мотоциклшінің жалған мемлекеттік нөмірі анықталды

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері мотоциклшіні тоқтатып, оның жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі мен қажетті құжаттарының жоқтығын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқаруға қатысты тиісті құжаттары болмағаны белгілі болды. Сондай-ақ мотоциклге орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған болып шықты.

Полиция қызметкерлері оқиға бойынша тиісті шаралар қабылдады.