Алматыда полиция көше музыканттарын қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтқаны үшін ұстады. Олар өнер көрсету кезінде микрофонға балағаттаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде ер адам мен әйелдің қоғамдық орында әдепсіз сөздер қолданған бейнежазбасы тараған. Алмалы ауданының полиция басқармасы тиісті шаралар қабылдады.
«Оқиғаға қатысқан екі азамат та анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Оларға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Алынған материалдар сотқа жіберілді», — делінген хабарламада.
Полиция қоғамдық орындарда айналадағыларға құрметсіздік көрсету, әдепсіз сөздер қолдану және қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Дереккөз: Nur.kz