...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда мемлекеттік қажеттілік үшін тағы 14 жер телімі алынады

Алматыда мемлекеттік қажеттілік үшін тағы 14 жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, Алатау ауданында Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін Тілендиев көшесін салу үшін 10 жер телімі мәжбүрлеп иеліктен шығарылады. Атап айтқанда, Өжет және Болашақ шағын аудандарындағы, сондай-ақ «Птицевод» бау-бақша серіктестігі тұтыну кооперативіндегі жер телімдері алынады.

Тағы бір қаулы бойынша, Түрксіб ауданында кәріз сорғы станциясын салу үшін үш жер телімі мемлекеттік қажеттілікке мәжбүрлеп иеліктен шығарылады. Бұл телімдер «Қайрат» шағын ауданында орналасқан.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы Спасская көшесінде орналасқан жеке компанияның 9 гектар жер телімі автобус паркін салу үшін алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі – 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

«Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы» КММ-не жер телімдерінің иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету және мәжбүрлеп иеліктен шығару шаралары аяқталғаннан кейін жер телімдерін «Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» КММ-нің балансына беру тапсырылды.

Дереккөз: Zakon.kz