...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Манас көшесіндегі жөндеуге байланысты 4 бағыттың схемасы өзгереді

Алматыда Манас көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Шектеу Абай даңғылы мен Тимирязев көшесінің аралығында қолданылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

29 мамырдан бастап Алматыда Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс уақытша жабылады. Бұл шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты.

Осыған орай, жөндеу аяқталғанша №18, №80, №123 автобус бағыттары мен №7 троллейбус бағытының схемалары өзгереді.

№18 автобус батыс бағытта Сатпаев көшесімен, одан әрі Әуезов және Тимирязев көшелерімен жүреді, содан кейін негізгі схема бойынша қозғалысын жалғастырады. Кері бағытта маршрут өзгеріссіз қалады.

№80 автобус оңтүстік бағытта Манас көшесімен, содан кейін Сатпаев және Әуезов көшелерімен жүріп, «Атакент» маңында бұрылып, маршрутын жалғастырады. Кері бағытта схема өзгермейді.

№123 маршрут оңтүстік бағытта Манас көшесімен, одан әрі Сатпаев, Әуезов және Тимирязев көшелерімен өтеді. Кері бағыт өзгеріссіз қалады.

№7 троллейбус батыс бағытта Тимирязев даңғылымен, Розыбакиев және Утепов көшелерімен, одан әрі Серкебаев даңғылымен жүріп, Тимирязев даңғылына шығып, «Атакент» соңғы аялдамасына дейін барады. Одан әрі қозғалыс белгіленген схема бойынша жалғасады.

Дереккөз: Inalmaty.kz