Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) бірінші желісін 2027 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды 24kz. Ведомствоның мәліметінше, мамандар ескі трамвай жолдары мен асфальт жабынын бөлшектеуді аяқтаған. Келесі кезеңде болашақ LRT желісінің іргетасын салу басталады. Маршрут ұзындығы 18 шақырымды құрап, Алатау ауданының индустриалды аймағын Алматының орталық бөлігімен және Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады. Желіде 34 аялдама қарастырылған. Әр құрам 285 жолаушыға дейін тасымалдай алады, ал орташа жылдамдық сағатына шамамен 35 шақырымды құрайды. Астаналық жобадан айырмашылығы, алматылық LRT негізінен жер үстінде болады және биік эстакадалар салусыз қолданыстағы көшелермен өтеді. Жобаның тағы бір ерекшелігі — дәстүрлі әуе контактілі желілерінен бас тарту болуы мүмкін. Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Асан Бостановтың айтуынша, аялдамаларда зарядталатын аккумуляторлық батареялармен жұмыс істейтін жылжымалы құрам нұсқасы қарастырылуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Егер бұл шешім жүзеге асырылса, желінің үстінен контактілі сымдар тартудың қажеті болмайды, бұл қалалық кеңістіктің ашық болуын сақтауға мүмкіндік береді,
деп атап өтті Асан Бостанов, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Inalmaty.kz