...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда «Қыздар.нет» сайтының ұйымдастырушылары ұсталды

Бүгін, 2026 жылғы 15 маусымда, қалалық қадағалау органының баспасөз қызметі бұл туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тергеу деректері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

Қазіргі уақытта ресурстың болжамды ұйымдастырушылары ұсталды, олардың әрекеттері ҚК 309-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған. Сот санкциясымен олар қамауға алынды.

Сондай-ақ, тінту кезінде ірі көлемдегі ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер алынғаны белгілі.

Алдын ала анықталғандай, заңсыз кіріс 2 млрд теңгеден астамды құраған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Жанжалды сайттың тарихы бірнеше жылға созылып келеді: порталды бұғаттап, жауып тастаған, бірақ ол әр жолы қайта оралған. ІІМ-де түсіндіргендей, ресурс әкімшілері үнемі мекенжайлар мен домендерді ауыстырып отырған.

Дереккөз: Zakon.kz