...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда күшті ыстық, Астанаға найзағайлы жаңбыр қайтады: 15-17 шілдеге ауа райы болжамы

Қазақстанда 14, 15 және 16 шілдеде ыстықтың төмендеуі күтіледі, бірақ барлық өңірде емес. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік өңірлерге солтүстік-батыс циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар жаңбыр мен найзағай әкеледі, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел және ауа температурасы +25+30°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана қаласы бойынша:

15 шілде: ауанының температурасы түнде +21+23°С, күндіз күшті ыстық +34+36°С.

16 шілде: түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

17 шілде: түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

Алматы қаласы бойынша:

15 шілде: түнде +21+23°С, күндіз күшті ыстық +33+35°С.

16 шілде: түнде +21+23°С, күндіз күшті ыстық +36+38°С.

17 шілде: түнде +22+24°С, күндіз өте күшті ыстық +38+40°С.

Шымкент қаласы бойынша:

15 шілде: түнде +23+25°С, күндіз күшті ыстық +40+42°С.

16-17 шілде: түнде +23+25°С, күндіз күшті ыстық +42+44°С.

Дереккөз: Zakon.kz