...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда кремациядан кейінгі күл салынған урналарға арналған колумбарий пайда болуы мүмкін

Алматыда кремациядан кейінгі күл салынған урналарды сақтауға арналған колумбарий салынуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Басқарманың ресми сұрауға берген жауабында кремация инфрақұрылымының міндетті элементі колумбарий екені, алайда қазіргі уақытта Алматыда колумбарий жоқ екені айтылған.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Құрылыс басқармасы мен Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы қаладағы зираттардың бірінің аумағында колумбарий салу мәселесін пысықтап жатыр. Сонымен қатар, құрылыс аяқталғанша бір жыл ішінде күлді сақтау крематорийдің колумбарийге бөлінген арнайы бөлмелерінде жүзеге асырылуы мүмкін,

делінген хабарламада.

Басқарма Қазақстанда кремация марқұмның еркі бойынша жүргізілетінін, алайда қазір кремацияға жататын адамдар тобын кеңейту, атап айтқанда, марқұмның туыстарының еркі бойынша кремация жасау мәселесі пысықталып жатқанын қосты. Сондай-ақ, 10 маусымда Алматы крематорийінде алғашқы кремация жасалғаны белгілі болды.

Дереккөз: Nur.kz