...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда халықаралық отбасы күнінде 10 отбасыға көмек көрсетілді

Алматыда Халықаралық отбасы күніне орай қайырымдылық акциясы өтті. Қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында ұйымдастырылған шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Алатау ауданының он отбасына, оның ішінде көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға сыйлықтар, азық-түлік себеттері және тұрмыстық заттар табыс етті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шараның басты мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қолдап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, бірлік пен ынтымақтың маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.

«Бір-бірімізге қолдау көрсету маңызды. Біз Алатау ауданының тұрғындарын құттықтадық, алдағы уақытта қаланың басқа аудандарының тұрғындарына да сыйлықтар табыстауды жоспарлап отырмыз», – деді ҚХА «Жомарт жан» қайырымдылық орталығының төрағасы Долкунтай Әлиев.

Акция аясында шақырылған отбасылар сыйлықтарды қуана қабылдап, мерекелік бағдарламаға белсене қатысты. Алматы тұрғыны Любовь Емельянова: «Бізді ұмытпағандарына қатты қуаныштымын! Шайға, азық-түлік себетіне дейін сыйлады», – деп алғысын білдірді.

Дереккөз: Almaty.tv