...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда канат жолдарының базалық станциялары үшін төрт жер телімі алынады

Алматы әкімінің қаулысымен Медеу ауданында орналасқан төрт жер телімін мәжбүрлеп алу басталды. Бұл учаскелер Алматы тау кластерін қалыптастыру және канат жолдарының базалық станцияларын салу үшін қажет, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қаулы «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған. Құжатқа сәйкес, алынатын жер телімдері Алма-тау көшесінің бойында орналасқан. Иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төленеді.

Мәжбүрлеп алу 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Одан кейін жер телімдері Алматы қалалық Туризм басқармасының балансына беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Күлжа трактысы бойынша Қазақстан ҰҚК арнайы мақсаттағы қызметі үшін екі гектарға жуық жер алынатыны хабарланған болатын.

Дереккөз: Nur.kz