...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда кафелер тексерілуде: 1,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Алматының Түрксіб ауданында «Алматы – таза ауа» экологиялық акциясы аясында «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері кафе, шашлықханалар, дүкендер мен өзге де коммерциялық нысандардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлерге отын түрлерін, мангалдарды және ауаны тазарту жүйелерін пайдалануға қойылатын талаптар еске салынды.

Санитарлық ережелерге сәйкес, тұрғын және өзге де ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында қатты отынмен жұмыс істейтін мангалдар мен тандырларды пайдалануға жол берілмейді. Тамақ дайындау үшін газ және электр жабдықтары, сондай-ақ түтін мен иісті сүзетін сору жүйелері қарастырылған.

Осыған байланысты мегаполис билігі кәсіпкерлерге ағымдағы жылдың соңына дейін табиғи газға көшуге және экологиялық талаптарды сақтауға кеңес берді.

Сонымен қатар, бір кафеге қатысты Алматыны абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл мөлшері 20 АЕК (86 500 теңге) болды.

Әкімдікте «Алматы – таза ауа» акциясы қаланың барлық аудандарында жалғасып жатқанын атап өтті.

2026 жылғы 30 қазанда Алматы әкімдігінде LEZ жобасының аралық қорытындылары жарияланды. Деректерге сәйкес, қыркүйек айында бақылау бекеттерінде 6 833 автокөлік тексерілді. Жоба аясында кіруге шектеу, айыппұл немесе жол жүру ақысы қарастырылмағаны белгілі болды. Ведомство жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп жатқанын және ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынын растады.