...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Қазақ мемлекеттік циркінде халықаралық фестивальдің салтанатты ашылуы өтті. Оған әйгілі әртістер, режиссерлер, продюсерлер мен сарапшылар жиналды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ашылу салтанаты қазылар алқасының төрағасы, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Максат Жаиковтың, Ресей, Тәжікстан, Швейцария және АҚШ цирк ұйымдарының басшыларының, сондай-ақ Cirque du Soleil-дің кастинг және таланттарды іздеу жөніндегі директоры Ирина Науменконың қатысуымен өткен халықаралық баспасөз мәслихатынан басталды.

Қатысушылар заманауи цирк өнерін дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және мәдени алмасу мәселелерін талқылады.

Ашылу рәсіміне арнайы жаңа сахналық костюмдер мен көркем бейнелер жасалды. Биыл манежде тұңғыш рет Түркия, Франция және Швейцария әртістері өнер көрсетеді.

Байқау бағдарламасында қатысушылар Бас жүлде, сондай-ақ үш алтын, үш күміс және үш қола жүлде үшін күреседі. Халықаралық қазылар алқасы кәсіби шеберлікті, қойылымдардың өзіндік ерекшелігін және орындау деңгейін бағалайды.

Рәсім кезінде осы оқиғаға арнап жазылған фестивальдің ресми әнұраны тұңғыш рет орындалды. Ресми бөлімнен кейін манежде әртүрлі елдердің әртістерінің қатысуымен байқау бағдарламасы басталды.

1-23 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде жеңімпаздар мен лауреаттардың қатысуымен арнайы бағдарлама өтеді.

Дереккөз: Almaty.tv