...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Howo Mercedes-ті бірнеше метрге сүйреп апарды: екі адам ауруханада

Алматыда жүк көлігі Mercedes көлігін бірнеше метрге сүйреп, қарсы жолақтағы бордюрге қысып тастады. Жол апатынан Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға жүктемесі аз қиылыста болған. Mercedes жүргізушісі көмекші жолдан шығып, «Жол бер» белгісін елемеген. Жүк көлігінің жүргізушісі үшін бұл күтпеген жағдай болған – ол көлікті бұрып, қарсы жолаққа шыққанымен, соқтығысудың алдын ала алмаған.

Howo толық жылдамдықпен Mercedes-тің бүйіріне соғылып, оны бірнеше метрге сүйреп, қарсы жолақтағы бордюрге қысып тастаған. Бақытқа орай, сол сәтте қарсы жолақ бос болған.

Жол-көлік оқиғасынан Mercedes жүргізушісі мен оның жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алмаған.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Zakon.kz