...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Гоголь көшесіндегі «Береке» базары бұзылды

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан заңсыз «Береке» базарының бұзылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, базар сот шешімімен бұзылған.

«Нұсқама талаптарының орындалмауына байланысты басқарма Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа заңсыз құрылыстарды бұзу туралы талап арыз берген. Сот өз бетінше салынған сауда орындарын бұзу туралы шешім қабылдады, содан кейін сот шешімі Әділет департаментіне орындауға жіберілді», – деді қалалық әкімдікте.

Меншік иесі бірінші сатыдағы сот шешімін орындау үшін құрылыстарды ерікті түрде бұзған.

Дереккөз: Zakon.kz