Алматының Алмалы ауданында «Буран-526» патрульдік экипажы күндізгі уақытта Казаков көшесінде ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында ол есірткіге арналған тайниктер жасап, оларды ұялы телефонға суретке түсіріп, кураторына есеп жіберіп отырғаны анықталды.
Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
Полиция схеманың басқа қатысушыларын және есірткі таратудың барлық арнасын анықтауда.
Биыл басынан бері Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларына қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жіберілгені бұған дейін ІІМ-де хабарланған болатын.
