Алматыда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол есірткі таратты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жеке тексеру кезінде одан ондаған дайындалған орама табылды. Тағы жүзден астам осындай пакетті жедел қызметкерлер күдіктінің көлігінен алып қойды.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер шығу тегі сот сараптамасы арқылы анықталатын заттарды, сондай-ақ электронды таразы, орау материалдары және басқа да заттарды тауып алды.
Сонымен қатар, Алматы аумағында жабдықталған бес тайниктен тағы 300-ден астам орама табылып, сараптамаға жіберілді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары тәркіленген заттардың шығу тегін, олардың ықтимал сату арналарын және заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: Zakon.kz