Алматыда 52 жастағы ер адам есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, арнайы бөлімше және Әуезов ауданының патрульдік полицейлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Күдіктінің мінез-құлқы күмәнді болғанын 10-шағын ауданда сағат 21:00 шамасында «Буран-355» патрульдік экипажы байқаған. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы келді.
Тексеру кезінде ер адам өзінде қару бар екенін мойындады.
Енді мамандар қарудың шығу тегін анықтап, оның сипаттамаларын белгілеуі және оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруі тиіс.
Ақпарат Алматы қаласының полиция департаментінің ресми парақшасында жарияланды.
Бұған дейін Алматыда жол жанжалы пистолетпен қорқытуға ұласқаны туралы жазған болатынбыз.
