...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ер адам мен жұмысшы арасындағы жанжал пышақтаумен аяқталды

Бостандық ауданында ер адам жергілікті тұрғынмен жанжалдасып, ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, жедел қызмет пультіне пышақ жарақаты туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер кеуде тұсынан жараланған зардап шегушіні ауруханаға жеткізді. Күдіктіні «Буран-405» патрульдік экипажы ізін суытпай ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар арасындағы жанжал бірнеше күн бұрын басталған. Кейін ауызша айтыс қайта өршіп, пышақ қолданумен аяқталған.

Полицейлердің анықтауынша, ұсталған адам ескі ғимаратты бөлшектеу бригадасының құрамында жұмыс істеген, ал зардап шегуші маңайдағы үйлердің бірінде тұрады. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Қазір полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыс құралын іздестіруде.

Дереккөз: Inalmaty.kz