
Алматыда ТЖД полициямен бірлесіп, Әуезов ауданының аулаларында рейд жүргізіп, дұрыс қойылмаған көліктерді айыппұл тұрағына эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бірлескен рейд барысында көліктердің төтенше қызметтердің кіруіне кедергі келтіретін жерлерге қойылғаны анықталды.
Бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырды.
«Бұзушылықты жоймаған көлік иелерінің автокөліктері мамандандырылған айыппұл тұрағына эвакуацияланды», – делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар өрт немесе басқа төтенше жағдай кезінде әр минуттың маңызды екенін еске салды. Дұрыс қойылмаған көлік құтқарушылардың уақтылы келуіне кедергі келтіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Дереккөз: Nur.kz