...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда электросамокаттағы жасөспірімдерді полицейлер қуып жетті

Алматыда полицейлер рейд жүргізген кезде электросамокаттағы жасөспірімдер тоқтау талабын орындамай, қашып кетуге тырысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өтініш берушілердің айтуынша, жылдамдықпен жүруді ұнататындардың кейбірі саябақ аймағында сағатына 80 километрден астам жылдамдыққа дейін жетіп, келушілерге қауіп төндіреді.

Рейд барысында электросамокаттар мен басқа да электр көлігіндегі жасөспірімдер полицейлердің тоқтау талабын елемей, қауіпті жүрістерін жалғастыра отырып, жасырынуға әрекеттенді.

Бұзушылардың қатарында 12 жастағы жасөспірім болды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын қадағалауға және трагедияға әкелуі мүмкін қауіпті жүрістерге жол бермеуге шақырды.

Айта кетейік, қыркүйекте Алматыда самокат жүргізушісі сағатына 90 километр жылдамдыққа дейін жетіп, соқтығысып, көз жұмған болатын.