Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңкелерге Алматы, Алматы облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен өндіруші қатысады.
Демалыс күндері жәрмеңкелер Алматының алты ауданында – Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарында жұмыс істейді.
Жәрмеңкелер сенбі және жексенбі сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша өтеді:
• Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағын ауданы;
• Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
• Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;
• Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
• Жетісу ауданы – «Көлағар» шағын ауданы;
• Түрксіб ауданы – Рысқұлов және Айтықов көшелерінің қиылысы.
Бұған дейін Zakon.kz тілшісі зерттеу жүргізіп, Қазақстанға қай елдерден азық-түлік көп әкелінетінін анықтаған болатын.
