Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылғы 18 қазанда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасында дәстүрлі тасжол веложарысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жарысқа байланысты 18 қазан күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, Royal Tulip Almaty қонақүйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) «Медеу» биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Сонымен қатар Алматыда 17 және 18 қазанда демалыс күндерінің жәрмеңкелері өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа піскен ауыл шаруашылығы өнімдерін, маусымдық көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ басқа да отандық тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
