...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Спорт

Алматы Астананың орнына төрт құрлық чемпионатын қабылдайды

Алматы 2027 жылдың 9-14 ақпанында «Алматы Аренада» төрт құрлық чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған болатын. Алайда Қазақстан конькимен жүгіру одағымен келісім бойынша турнирді Алматыға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

2025 жылы турнирде Михаил Шайдоров жеңіске жетті, ал 2015 жылы Денис Тен жеңімпаз атанған. Әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы үшінші орын алды.

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы турнирде Қазақстан намысын қорғайды. Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында Келоуна қаласында өтеді.