...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда дастарқан басында пышақ жарақатын алған ер адам: күдікті ұсталды

Алматыда ер адамдардың кешкі отырысы пышақ жарақатымен аяқталды. Жарақат салған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Бостандық ауданында, Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында болған. Полицияның мәліметінше, спирттік ішімдік ішу кезінде ер адамдар арасында жанжал шығып, сөзбе-сөз айтыс күш қолдануға ұласып, дастарқанға қатысушылардың бірі аяғынан пышақ жарақатын алған.

«Зардап шеккен адам медициналық көмек көрсету үшін қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Сол уақытта учаскелік полиция инспекторлары ізін суытпай күдіктіні ұстады», — деп хабарлады полиция.

Дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Nur.kz