...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматы-Ақтөбе пойызынан мас жолаушылар түсірілді

Үш ер адам масаң күйде болып, тәртіп бұзғаны үшін Алматы-Ақтөбе пойызынан түсірілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ІІМ ақпараттық медиапорталының мәліметінше, 23 маусымда Сексеуіл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жолаушылар пойызының басшысының актісі бойынша үш жолаушыны пойыздан түсірген.

Тексеру барысында 38, 34 және 20 жастағы Атырау мен Арыс тұрғындарының масаң күйде болғаны анықталған. Олар өздерінің жүріс-тұрысымен қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызған.

Құқықбұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартылған.

Жыл басынан бері Көлік полициясы департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарынан 283 құқықбұзушыны түсірген. Оның 251-і алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, 17-сі ұсақ бұзақылық және басқа да құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған.

Дереккөз: Nur.kz