...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда БАҚ өкілдері арасындағы байқау қорытындысы шығарылды: Almaty TV журналистері марапатталды

Алматыда БАҚ өкілдері арасындағы байқау қорытындысы шығарылып, үздік журналистер марапатталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға журналистер, редакторлар, блогерлер және мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары қатысты. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған байқау қорытындысы шығарылды.

«Жыл сайын өңірлік коммуникациялар қызметі журналистер арасында үздік материал, үздік сюжет, жарияланымға конкурс жариялайды. Бұл конкурс Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған және бүгін біз журналистерді марапаттап жатырмыз. 128 өтінім түсті, оның ішінен 15 үздік материал іріктелді», – деді ӨКҚ басшысының орынбасары Венера Есімова.

Үздіктер қатарында «Алматы» телеарнасының жүргізушісі Олжас Омарбек те бар. Оның қала аудандарының тұрмысы туралы репортажы өз санатында үздік деп танылды. Сондай-ақ, Алматы туралы үздік тақырыптық бағдарлама ретінде телеарнамыз ұсынған «Архитектор» бағдарламасы атанды.

«Конкурс өтетінін хабарлағанда, біз шарттарды мұқият зерделеп, өз жұмысымызды жібердік. Оның осындай жоғары баға алғанына қуаныштымын. Бұл тек менің еңбегімнің ғана емес, кадр сыртында қалған әріптестерімді қоса алғанда, бүкіл командамыздың жұмысының нәтижесі. Олардың еңбегі мен күш-жігері лайықты бағаланды деп ойлаймын», – деді Almaty TV телеарнасының жүргізушісі Олжас Омарбек.

Дереккөз: Almaty.tv