...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Changan кроссовері жолдан ұшып, ағашта «ілініп» қалды

Алматыда Changan маркалы кроссовер жолдан ұшып кетіп, ағашта «ілініп» қалған оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Instagram-дағы almatynews_kaz парақшасы жариялады. Бейнежазбада зақымданған көліктің жол бойындағы ағашқа сөзбе-сөз «ілініп» тұрғаны көрінеді.

«Қара кроссовер жоғары жылдамдықпен металл қоршауды құлатып, жолдың жүру бөлігінен жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аймаққа ұшып шығып, жол бойындағы ағашқа кептеліп қалды», – деп жазды автор.

Оқиға бүгін Сейфуллин даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында болды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 18:26-да Алмалы ауданында тіркелгенін хабарлады. Changan жүргізушісі Сейфуллин бойымен келе жатып, басқаруды ұстай алмаған.

Салдарынан ол кедергіге соғылып, көлік аударылған. Кроссовер жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.