...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Брусиловский көшесіндегі өрт: жалын көрші ғимараттарға жету қаупі болды

Алматының Алмалы ауданында Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта ірі өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, өрт салдарынан жалынның жанындағы нысандарға таралу қаупі төнген.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде ғимараттың ашық жанғаны байқалған. Мамандар дереу өрт сөндіру діңгектерін жұмысқа қосқан. Оқиға орнында жоғары дәрежелі күштер мен құралдар жұмылдырылып, өрт сөндіру штабы құрылған.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың ашық жанғаны және жалынның жанындағы нысандарға таралу қаупі байқалды. Өрт сөндіру діңгектері дереу берілді. Оқиға орнында жоғары дәрежелі күштер мен құралдар жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру штабы құрылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің бақылауында болған ахуал тұрақты. Жалынды сөндіру жұмыстары жалғасуда.