...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бірнеше автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгерді

Алматыда 17 маусымнан бастап бірнеше маңызды автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгерді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Транспорттық холдингтің хабарлауынша, әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 17 маусымнан бастап жабылады. Осыған байланысты №45 бағыттың схемасына өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ 17 маусымнан бастап Габдуллин көшесінің (Манас көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі бөлігінде) орташа жөндеу жұмыстарына байланысты №7 троллейбус бағытының схемасына уақытша өзгерістер енгізіледі.

Бұдан басқа, 17 маусымнан бастап Шемякин көшесінің (Рысқұлов даңғылынан Хмельницкий көшесіне дейінгі бөлігінде) орташа жөндеу жұмыстарына байланысты №8, №32, №51, №79 және №126 бағыттардың схемаларына уақытша өзгерістер енгізіледі. Қозғалыс жөндеу жұмыстары аяқталғанша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 16 маусымнан 20 шілдеге дейін Алматыда Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысы шектелді.

Өзгерістер келесідей:

  • №45 бағыт: оңтүстік бағытта – Достық даңғылы – Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта өзгеріссіз.
  • №7 бағыт: солтүстік бағытта – Әуезов көшесі – Бұқар жырау көшесі – Манас көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта өзгеріссіз.
  • №8, №32, №51, №79, №126 бағыттар: солтүстік бағытта – Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Хмельницкий көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Хмельницкий көшесі – Гете көшесі – Руставели көшесі – Папанин көшесі – Жангелдин көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.

Дереккөз: Zakon.kz