
Қаланың Көлік холдингі алматылықтарды ескерткендей, «Луганский көшесінен, Армянская көшесінің бұрышынан, әл-Фараби даңғылы бойымен (солтүстік жағы) Esentai Mall автотұрағына дейінгі орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңарту» жобасын іске асыруға байланысты Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл тек жеке көлік иелеріне ғана емес, қоғамдық көлік жолаушыларына да әсер етеді, себебі жұмыс жүргізілетін кезеңде №62 және №38 бағыттар үшін «Мендіқұлов бульвары» аялдамасында отырғызу және түсіру жүргізілмейді. Аялдама пунктінің жұмысы қайта жаңарту аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі.
Сонымен қатар, №45 бағыттың және бірқатар басқа автобустардың қозғалыс схемасы өзгертіледі.
Дереккөз: Zakon.kz