Алматының айырбас пункттерінде американ валютасы 487.5 теңгеден сатылуда. 25 маусымдағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485.31 теңгені құрап, 1.58 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 25 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы 487.02 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 486 теңге, сату бағамы 487.5 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv