
Медеу ауданында әйел өз пәтеріне терезеден кірмек болып, екінші қабаттан құлап, жарақат алды. Терезе торы жүктемеге шыдамай, онымен бірге құлаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, дабыл сигналы Уәлиханов көшесінен түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу жіберілген. Қызметкерлер әйелдің екінші қабаттан құлағанын анықтаған. Жәбірленуші жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық мекемеге жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел пәтер кілтін жоғалтып, ішке терезеден кіруді ұйғарған. Терезеге көтерілу кезінде тор жүктемеге шыдамай, онымен бірге құлаған. Құлау салдарынан әйел жарақат алған.
Полиция тіпті бір қарағанда елеусіз болып көрінетін тұрмыстық жағдайлардың да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Дереккөз: Inalmaty.kz