...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі

Алматыда 25 шілдеден бастап оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеулер күн сайын сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін мына алаң ішінде қолданылады: Саин көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) – Рысқұлов даңғылы. Жол белгілерін орнату 24 шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Барлық ұйымдастыру шаралары аяқталғаннан кейін шектеулер ресми түрде күшіне енеді.

Ведомствоның атап өтуінше, бұл шаралар Алматы қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Олар орталық магистральдардағы көлік жүктемесін азайтуға, жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Жүк көліктерінің жүргізушілері жаңа шектеулерді ескере отырып, бағыттарды алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұрайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz