...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ауа сапасының нашарлауы күтіледі: 28 маусымға арналған болжам

28 маусымда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейін қалыптастырудың маңызды факторларының бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде мыналар ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендерден бас тартуы керек;
  • өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық ауруларымен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі қажет;
  • ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтырумен және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Дереккөз: Inform.kz