...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Хэллоуин безендірілуі айыппұлмен аяқталды: 17 жүргізуші жазаланды

Алматыда Хэллоуин мерекесіне орай көліктерін ерекше безендірген 17 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

КТК телеарнасының мәліметінше, көлік иелері шанақты, багажник пен бамперлерді қанды алақан іздерімен және адам аяқ-қолының манекендерімен безендірген.

Алайда олар безендіру мемлекеттік нөмірлер мен фараларды жауып қалмауы керектігін ескермеген. Сондай-ақ мұндай әшекейлер басқа жүргізушілерді қорқытып, зейінін аударуы мүмкін екені атап өтіледі.

Нәтижесінде 17 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 65 мың теңгеге дейін айыппұл салынды.

Дереккөз: КТК.

Бұған дейін Астанада көлігі толығымен қорлайтын жазулармен боялған жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Ал Алматы полициясы Хэллоуиндегі жаппай ұстаулар туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Белгілі болғандай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілген. «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағында түнгі уақытта заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз жүрген 28 жасөспірім анықталды.