
Алматыда мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталды. Қала әкімдігінің тиісті қаулысы 2026 жылғы 1 маусымда қабылданды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, әуежай маңында орналасқан үш жер телімі иеліктен шығарылады. Бұл жерлер Түрксіб ауданындағы 9-шағынауданда (Әуежай) орналасқан және автобус паркін салу үшін қажет.
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін иеліктен шығаруға байланысты 3 (үш) жер телімін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау, — делінген құжатта.
Бұл коммерциялық кәсіпорынға тиесілі 9 гектарға жуық жер. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі — 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Алматы жер қатынастары басқармасы меншік иелеріне өтемақы төлейді. Барлық рәсімдер аяқталған соң жер телімдері Алматы жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының балансына беріледі.
Дереккөз: Inform.kz