Алматыда алдағы аптада ауа температурасы +36°C-қа дейін көтеріліп, кешкі уақытта найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаевтың айтуынша, тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жауын-шашын мен найзағай болуы ықтимал. Температуралық фон жоғары болып, аптаның бірінші жартысында біртіндеп көтеріледі. Апта соңына қарай жауын-шашын ықтималдығы артып, ауа температурасы сәл төмендейді. Түнде термометрлер +18…+20°C, күндіз +31…+33°C көрсетеді.
Маман қала тұрғындарына ыстық ауа райында ішімдік режимін сақтауды, ауа райына сай киінуді және әсіресе балалардың денсаулығын қадағалауды ұсынды. Тауда демалуды ұнататындарға жорықтарды күннің бірінші жартысына жоспарлау керек.
Тауға саяхаттау үшін күндізгі сағат екі-үштен кешіктірмей уақыт таңдаған жөн. Кейін бұлттылық дамиды, ал күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін, — деді Дәулет Кисебаев.
Қапшағай су қоймасында демалушыларды жақсы жаңалық күтеді: синоптиктердің болжамынша, онда айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.
Алматы бойынша 20-26 маусымға арналған ауа райы болжамы:
20 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +29…+31°C.
21 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C.
22 маусым: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз қатты ыстық +33…+35°C.
23 маусым: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз қатты ыстық +33…+35°C.
24 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз қатты ыстық +33…+35°C.
25-26 маусым: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Бұған дейін Гидрометцентр мамандары қазақстандықтарды 20 маусымда елдің басым бөлігінде +42°C-қа дейін аномальды ыстық пен дауылды құбылыстар күтілетінін ескерткен болатын.
Дереккөз: Zakon.kz
