...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда AI Park және Жібек жолы: Қытайдың Цзянсу провинциясы делегациясы келді

Алматыға Қытайдың Цзянсу провинциясының ресми делегациясы партиялық комитет хатшысы Синь Чансиннің басшылығымен келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Өнеркәсіптік кооперация, көлік және қалалық инфрақұрылым құрылысы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматының қытай компанияларының Қазақстан, Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарына шығуына аймақтық алаң ретіндегі әлеуетін таныстырды. Тараптар сондай-ақ цифрлық экономика, жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимыл және Almaty AI Park жобасын іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

«Мемлекет басшылары арасындағы сенімді диалогтың арқасында қазақстан-қытай ынтымақтастығы жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Алматы Қазақстанның ірі экономикалық, қаржылық және инвестициялық орталығы болып табылады. Сондықтан біз үшін Қытай Халық Республикасымен әріптестік те стратегиялық бағыт болып отыр», — деп атап өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар Көк-Төбе аумағындағы бірегей көрмені тамашалады. Оларға Цзянсу провинциясының шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар, интерьер заттары, көркем композициялар мен кәдесыйлар ұсынылды. Ұлттық ою-өрнектері мен ежелгі мәдениет символдары бар дизайнерлік бұйымдар ерекше қызығушылық тудырды.

«Біздің жібек маталарымыз қонақтарға қатты ұнады. Бұйымдардың арасында Қазақстан мен Қытайдың екі халқының ою-өрнектері бар экспонаттар бар. Бұл екі халық арасындағы достықтың белгісі. Бұл көрме ең жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп ойлаймын», — деді Қытай кәсіпкері Хуан Чоу Тин.

Дереккөз: Almaty.tv