29 шілдеде Алматыда Әсет Бейсеуов көшесінің бір учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Медеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Шектеулер сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін, №67а ғимаратынан («Қымызхана») №68 ғимаратына дейінгі аралықта, №2 экопостқа жетпей тұратын бөлікте қолданылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жүргізушілер мен қала тұрғындарын маршрутты алдын ала жоспарлауға, жолда кететін уақыттың ұлғаюын ескеруге және жұмыстарды жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.
Дереккөз: Inalmaty.kz