Алматыда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Сары-Булак» компаниясы» ЖШС құс фабрикасымен 2027 жылдың қазанына дейін бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқа өндіру және өткізу бойынша заем шарты бар. Сөре бағасы бір дана үшін 59 теңгеден аспайды. Өнім «Magnum», «Small», «Астор» сауда желілерінде және «Алатау-Құс» фирмалық дүкендерінде сатылады.
Сонымен қатар, «Алматынан» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-мен бірінші сортты ұннан жасалған 3 846 154 нан пісіру және өткізу бойынша шарт жасалған. Өнім «Magnum», «Small», «Jardi» сауда желілерінде және үй жанындағы дүкендерде сатылады.
Бұдан бөлек, «Алматы» ӘКК «Magnum» сауда желісімен бірлесіп, жалпы көлемі 9 920 тонна көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру механизмін іске асыруда. Тізімге картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат кіреді. Көкөністер тіркелген бағамен сатылады. Тұрақтандыру мерзімі 2027 жылдың сәуір айының соңына дейін созылады.
Сонымен қатар, «Алматы» ӘКК отандық тауар өндірушілерден 4 500 тонна қант сатып алды. Өнім «Magnum», «Small», «Toimart», «Столичный», «Юбилейный» және басқа да сауда желілері арқылы килограмына 405 теңге босату бағасымен, сауда үстемесі 10%-дан аспайтын мөлшерде сатылуда. Бағаны тұрақтандыру 2027 жылдың қарашасына дейін жалғасады.
Бағаны ұстап тұрудың қосымша механизмі ретінде «Алматы» ӘКК әр сенбі және жексенбі сайын қаланың алты ауданында өткізетін демалыс күндерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері қалады:
Жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.
Бағаны тұрақтандыру шаралары, өнімнің тіркелген бағалары және сату орындары туралы толық ақпарат almatyazyk.kz ресми сайтында қолжетімді.
• Барлық жаңалықтар
• Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағын ауданы;
• Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
• Медеу ауданы – Мендіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;
• Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би және Гоголь көшелерінің аралығы;
• Жетісу ауданы – «Құлагер» шағын ауданы;
• Түрксіб ауданы – Рысқұлов және Айтықов көшелерінің қиылысы.
