
Алматыда бүгінде 70 мыңнан астам камера мен 8 мыңнан астам қала инфрақұрылымы нысандары — мектептер, балабақшалар, ауруханалар, қоғамдық кеңістіктер мен көлік біріктірілген бірыңғай бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жасанды интеллект көмегімен жүйе бет-әлпет пен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін таниды, тәртіп бұзушылықтарды, заңсыз қоқыс тастауды тіркейді және ақпаратты тиісті қызметтерге жедел жібереді.
Қала тазалығына ерекше көңіл бөлінеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүздеген камера Алматының санитарлық жағдайын бақылап, стихиялық қоқыс үйінділері мен қалдықтарды заңсыз тастау фактілерін анықтауға көмектеседі.
Дереккөз: Almaty.tv